Омыртқа жарығы: отасыз және алып тастағаннан кейін
Диск жарығы кезінде ЕДШ, мануалды терапия және физиотерапия, оны алып тастағаннан кейін оңалту. Сабақты оңалтушы дәрігердің өзі жүргізеді.
4,9 2ГИС-те · 166 баға2026 жылғы наурызда ашылғаннан бері 600+ пациент
- Бағдарлама хирург үзіндісі бойынша
- ЕДШ-ны оңалтушы дәрігердің өзі жүргізеді
- Курс құны — алғашқы сабаққа дейін
Кімге арналған
- Бел бөлігінің жарығы немесе протрузиясы, соның ішінде L4–L5 және L5–S1
- Мойын бөлігінің жарығы
- Аяққа берілетін бел ауыруы
- Жарықты алып тастағаннан кейін, соның ішінде микрохирургиялық және эндоскопиялық отадан кейін
- Омыртқаны металл конструкциямен тұрақтандырғаннан кейін
Не білу маңызды
Диск жарығы деген не
Омыртқалардың арасында дискілер бар: әрқайсысының сыртында тығыз сақина, ішінде жұмсақ ядро болады. Сақина жыртылғанда ядроның бір бөлігі сыртқа шығады, міне, бұл — жарық. Ол жүйке түбіршігін қысса, ауырсыну аяққа немесе қолға береді, ұю пайда болуы мүмкін. Сақина жыртылмай, дискінің томпайып шығуын протрузия деп атайды. МРТ-дағы жарықтың көлемі әрдайым ауырсынудың күшімен сәйкес келе бермейді.
Отасыз
Ота туралы шешімді нейрохирург қабылдайды, ол бәріне бірдей қажет емес. Отасыз бағдарлама қозғалысқа негізделеді. Дәрігер аяқтағы ауырсынуды күшейтпейтін жаттығуларды таңдайды, қауіпсіз еңкеюді, отыруды және зат көтеруді үйретеді, арқа мен іш бұлшықеттерін нығайтады. Тағайындау бойынша мануалды терапия, инемен емдеу, SIS-терапия, ал жедел ауырсыну кезінде сабақты бастау үшін блокада қосылады.
Сабақ емес, нейрохирург қажет кезде
Күтуге болмайтын белгілер бар: табанда не аяқта күшейіп келе жатқан әлсіздік, шап пен бұтаралықтың ұюы, зәр шығару немесе үлкен дәреттің бұзылуы. Мұндайда бірден нейрохирургқа барады немесе 103 нөміріне жедел жәрдем шақырады. Дәрігер тексеру кезінде осындай белгілерді көрсе, сізді хирургқа жібереді, ал сабақты кейінге қалдырады.
Жарықты алып тастағаннан кейін
Ота жүйкені қысып тұрған нәрсені алып тастайды, бірақ ауру кезінде арқа бұлшықеттері әлсіреп, арқаны аяу әдеті қалып қояды. Оңалту нейрохирург рұқсат еткен нәрседен басталады: жүру, тұрмыста дұрыс қозғалу, тыныс алу, жеңіл жаттығулар. Кейін арқа мен іш бұлшықеттерін нығайтып, жүктемені біртіндеп жұмыс пен үй шаруасына дейін арттырамыз. Мерзім мен шектеулерді үзіндіден аламыз.
Мойын бөлігінің жарығы
Мойын жарығы кезінде ауырсыну көбіне иыққа және қолға береді, қол басы ұюы мүмкін. Бағдарлама осылай құрылады: дәрігер күні бойы, компьютер алдында және көлік жүргізгенде басыңыз бен иығыңызды қалай ұстайтыныңызды талдайды, мойын мен жауырын бұлшықеттеріне жаттығулар таңдайды, тағайындау бойынша мануалды терапия мен физиотерапия қосады.
Кеңеске не алып келу керек
Омыртқаның МРТ-сы дискіде не телефонда және оның қорытындысы. Ота болса, үзінді. Қабылдап жүрген дәрілеріңіздің тізімі. Тексеру мен жаттығуға ыңғайлы киім.
Кім жүргізеді және қанша тұрады
ZOR QADAM-да ЕДШ-ны оңалтушы дәрігердің өзі жүргізеді: ол сізді тексеріп, МРТ-ны қарап, сабақты өткізеді. Оңалтушының кеңесі — 15 000 ₸, 60 минуттық ЕДШ сабағы — 20 000 ₸, мануалды терапия — 15 000 ₸, инемен емдеу — 10 000 ₸. Бүкіл курстың құнын дәрігер тексеруден кейін айтады.
Сондай-ақ қараңыз
Алғашқы кеңесте не болады
- Дәрігер ота немесе жарақат туралы сұрап, үзінді мен суреттерді қарайды
- Қозғалысты, күшті, ауырсынуды және жүрісті тексереді
- Жоспар құрады: қандай процедуралар, қаншалықты жиі, неше апта — және бүкіл курстың құнын айтады
- Келесі келуіңізге дейін үйде не істеу керегін көрсетеді
Қашан сабақты күтпей, бірден хирургқа хабарласу керек
- Дене қызуы 38 °C-тан жоғары
- Тігіс қызарып, ыстық болып, одан сұйықтық ағады
- Аяқ немесе қол кенет ісініп, қозғалмай тұрғанда да ауырады
- Ентігу немесе кеудеде ауырсыну пайда болды
- Бұрын болмаған ұю немесе әлсіздік
Ентігу мен кеудедегі ауырсыну кезінде — бірден 103.
Қалпына келу қалай өтеді
Мерзім шамамен берілген: ол жарықтың көлемі мен орнына, отаға және қалпына келу барысына байланысты.
- 1Алғашқы апталар
Жедел ауырсыну кезінде — оны күшейтпейтін қалып пен қимылдар, тыныс алу, жүру. Отадан кейін — нейрохирург рұқсат еткені.
- 21–3 ай
Арқа, іш және бөксе бұлшықеттері, қауіпсіз еңкею мен ауыр зат көтеру, мүсін.
- 33–6 ай
Төзімділік, жұмыс, сапар, спорт — дәрігер жоспары бойынша.
- 4Одан әрі
Үйдегі жаттығу кешені және бақылау қабылдаулары.
Сабақтар осылай өтеді
Суреттер Әл‑Фараби, 30/3 мекенжайындағы орталығымызда түсірілген.
Бағдарламаға не кіреді
Процедураларды дәрігер тексеруден кейін таңдайды — тізімдегінің бәрі әркімге қажет емес.
Оңалтушы дәрігермен жеке сабақ, отаңыз бен жағдайыңыз ескеріледі.
Толығырақ→PNF, FDM, ПИР, Mulligan. Ауырсыну, спазм және буын қозғалысы шектелген кезде тағайындалады.
Толығырақ→Рефлексотерапия және құрғақ инелер, ауырсыну мен ісіну кезінде тағайындалады.
Толығырақ→BTL аппаратындағы жоғары қарқынды магнит өрісі, терең тіндерге әсер етеді.
Толығырақ→Отадан кейін және ұзақ қозғалыссыздықта бұлшықет әлсіз болғанда тағайындалады.
Толығырақ→Сабақтарды бастау мүмкін болуы үшін жедел ауырсыну кезінде тағайындалады.
Толығырақ→Жабдық
BTL аппараттары. Сізге қандай процедура қажет екенін дәрігер тексеруден кейін шешеді.
Жоғары қарқынды магнит өрісі. Бұлшықеттер мен жүйкелерге тереңде әсер етеді, теріге тимей, киім арқылы. Ауырсыну мен бұлшықет спазмы кезінде, соның ішінде отадан кейін қолданылады.
Фото: BTLҚұны
Қанша сабақ қажет екенін дәрігер тексеруден кейін айтады — сол кезде бүкіл курстың құнын да атайды.
Курсты дәрігер есептейді
Алғашқы кеңесте дәрігер жоспар құрып, бүкіл курстың құнын алғашқы сабаққа дейін айтады.
ЖазылуСізбен кім жұмыс істейді
Бағдарламаны бір маман құрып, алғашқы қабылдаудан курстың соңына дейін жүргізеді.
Пациенттердің пікірлері
Долгое время мучился с болью в пояснице, со временем боль начала отдавать в ногу… После диагностики врач Аскергазы Бек объяснил причину боли и составил индивидуальный план лечения и тренировок…
Проходил курс ЛФК у Бека Нурбековича. Пришёл с проблемой поясничного отдела: была грыжа и перекос таза в левую сторону…
Сұрақтар
WhatsApp-қа жазыңыз: әкімші жауап беріп, неден бастау керегін айтады.
Сұрақ қоюОмыртқа жарығын отасыз емдеуге бола ма?
Ота туралы шешімді нейрохирург қабылдайды. Ота қажет болмаса, отасыз бағдарламадан өтеді: ЕДШ, мануалды терапия, физиотерапия. Қалпына келу қалай жүретінін алдын ала айту мүмкін емес, дәрігер мұны курс барысында бағалайды.
Жарықты алып тастағаннан кейін оңалтуды қашан бастау керек?
Мерзім отаға және нейрохирургтың рұқсатына байланысты. Жеңіл жаттығуларды көбіне алғашқы апталарда бастайды. Кеңеске үзіндіні ала келіңіз.
L5–S1 жарығын алып тастағаннан кейін қалпына келу қанша уақыт алады?
Әдетте бірнеше ай: алғашқы апталар жеңіл өтеді, толық жүктемеге шамамен 3–6 айда көшеді. Сіздің жағдайыңыздағы мерзімді дәрігер тексеруден кейін айтады.
Жарықты алып тастағаннан кейін отыруға бола ма?
Отыруға қатысты шектеулерді нейрохирург береді, әдетте алғашқы апталарға. Дәрігер арқаға артық салмақ түсірмей қалай отырып, тұру керегін көрсетеді.
Ауырсыну аяққа береді. Не істеу керек?
Бұл — бел жарығының жиі белгісі. Кеңеске жазылып, МРТ-ны ала келіңіз. Аяқтағы әлсіздік күшейсе, бұтаралық ұйыса немесе зәр шығару бұзылса, бірден нейрохирургқа барыңыз немесе 103-ке қоңырау шалыңыз.
МРТ керек пе?
Болғаны жақсы. МРТ жарықтың қай жерде екенін және оның жүйкені қысатынын көрсетеді. Суреттер болмаса, олар керек пе, жоқ па, дәрігер айтады.
Жарық кезінде массаж жасайсыздар ма?
Жоқ, орталықта массаж жоқ. Спазм мен ауырсыну кезінде дәрігер мануалды терапия, инемен емдеу немесе физиотерапия тағайындауы мүмкін.
Жарықпен залға баруға бола ма?
Дәрігер жағдайды бағалап, бағдарлама бергеннен кейін. Қандай жаттығуларды әзірге қоя тұрған дұрыс екенін ол бөлек айтады.
Кеңеске жазылыңыз
WhatsApp-қа қай жеріңізге және қашан ота жасалғанын жазыңыз. Әкімші уақыт таңдап, өзіңізбен не алып келу керегін еске салады.
- Мекенжай
- Астана, Әл-Фараби даңғылы, 30/3
1-қабат · пандус · үлкен тұрақ - Телефон және WhatsApp
- +7 778 898 33 37
- Жұмыс уақыты
- Дс–Жм 9:00–18:00, Сб 9:00–16:00
Жексенбі — демалыс